Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «қызыл балықты өсіру көлемін көбейту мәселесі республика үкіметінің деңгейінде шешуді талап ететін мәселелер тізіміне қамтылған. Ағымдағы жылы ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі балық шаруашлыығы комитеті Атырау балық зауытын жаңалау жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманы жасау жұмыстарын ұйымдастыруда. Жобада кәсіпорын қуатын бекіре тұқымдас балықтардың 12 млн шабағына дейін ұлғайтып, балықтың осы түрінің аналықтарын жыл бойы ұстау қарастырылған».
Қазір Атыраудағы балық өсіру зауыты жыл сайын қызыл балықтың 7 млн шабағын шығарады. Зауыттың қуатын арттыру жобасы 2010 — 2011 жылдары жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті