Атырауда бір жер телімін 25 адамға сатқан алаяқ сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда бір жер телімін 25 адамға сатқан алаяқ сотталды

Атырауда бір жер телімін 25 адамға сатқан алаяқ сотталды

Атырауда алаяқтығы үшін айыпталған Э.Струняшеваға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен. 

  • 30 Шiлде 2015
  • 299
Фото - Caravan.kz


«2015 жылғы сәуір айында Атырау қаласының ІІБ-ына Атырау қаласының 25 тұрғынынан арыз түскен. 2014-2015 жылдар аралығында олардың әрқайсысы Э.Струняшеваға жер телімін өз аттарына рәсімдеу үшін 50 мың теңгеден берген. Сотталушы жәбірленушілерге қаланың шет жағындағы шағынаудандардың бірінен 10 сотық жерді сатып алуды ұсынған. Ал кейбір жәбірленушілерге өзі бағбандық қоғамның төрағасының орынбасары қызметін атқаратын «Проектировщик А» БҚ-ның ақша алу жөніндегі кассалық-кіріс ордерін рәсімдеп берген», делінген хабарламада. 
Сотталушы Э.Струняшева тағылған айыпты жартылай мойындап, жәбірленушілерге сату үшін бір жер телімін бірнеше рет ұсынғанын растады.
Сот Э.Струняшеваны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында (алаяқтық) көзделген қылмысты жасағы үшін кінәлі деп таныды. Оның жеке мүлкін тәркілеп, 4 жылға бас бостандығын шектеуге, осы мерзім ішінде оған қатысты пробациялық бақылау орнатуға және жергілікті әкімшілік органдары белгілеген жерде 60 сағаттық қоғамдық жұмысты атқару жазасын тағайындады. Сонымен бірге ол азаматтарға келтірген материалдық шығынды да өтейтін болады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.