Атырауда Б.Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты сот ісі жалғасты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда Б.Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты сот ісі жалғасты

Атырауда Б.Рысқалиевтің қылмыстық тобына қатысты сот ісі жалғасты

Істі жүргізуші Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Гүлмира Дәулетова адвокаттардан үш қолдаухат келіп түскенін хаба

  • 5 Ақпан 2014
  • 339
Фото - Caravan.kz

Істі жүргізуші Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Гүлмира Дәулетова адвокаттардан үш қолдаухат келіп түскенін хабарлайды. Олардың бірі — «Азиямаркет С» ЖШС-нің бұрынғы директоры Қ.Қадыровқа қазақ тілінде жауап беруге рұқсат беру туралы болды, бұл өтініш қанағаттандырылды.

Бір сотталушыны тұтқындаудың барынша жеңіл түріне ауыстыру туралы, сондай-ақ куәгерлердің бірінің есепшотын тексеру қолдаухаты қанағаттандырылмады. Осыдан кейін сот куәгерлерді тыңдауды жалғастырды.


Еске сала кетейік, сот Атырау шенеуніктері мен бизнесмендерін ҚР ҚК 6-бабы бойынша айыптап отыр. Сотталушылар саны 22 адам, оларға лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырғандары үшін айып тағылды. Б.Рысқалиев, оның бауыры Аманжан Рысқали және олардың 9 сыбайласына халықаралық іздеу жарияланды. Көрсетілген тұлғаларға қатысты қылмыстық іс материалдары жеке іс жүргізу үшін бөлінді.