Жарияланды: 310

Атырауда Елтаңба қоқысқа тасталды

Қоқыста қалған елтаңба! Атырауда мемлекеттік рәміз қоқысқа тасталған.

Мына суреттерді редакциямызға жіберген тұрғынның айтуынша, оқиға «Самал» ықшамауданында болған. Арнайы дүкендерде сатылатын әрі бағасы да қымбат Елтаңбаны кімнің, не себепті қоқысқа лақтырып тастағаны белгісіз. Іспен қазір полиция айналысып жатыр. Мемлекеттік рәмізді аяқасты еткендер миллиондап айыппұл арқалайтынын айта кетейік. Тіпті бас бостандығынан да айырылуы мүмкін. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін