2011-2013 жылдары «Атырау» футбол клубын басқарған Арман Үмбетәлиев ортақ қазынаның 34 миллион теңгесін қалтаға басқан. Ал бұл қыруар қаржы жетістікке жеткен клуб ойыншыларына сыйақы ретінде берілуі керек екен. Сот процесі кезінде айыпталушы мемлекетке келген шығынды, яғни 34 миллион теңгені 2 күн ішінде тауып, футбол клубына қайтарып беретінін айтқан. Бірақ сөзінде тұрмады. Ал жазасын жалпы тәртіптегі абақтыда өтейтін Арман Үмбетәлиевтің барлық дүние-мүлкі тәркіленеді. Және ол түрмеден шыққан соң 4 жыл бойы мемлекеттік қызметке жоламауы тиіс.