«Қарақшылық шабуыл үшін сотталған 27 жастағы ер адам бостандығынан айырылмай, пробация қызметінің есебіне қойылып, жазасын өтеген. Алайда 2015 жылдың қазанында пробациялық бақылаудан жасырынып, тұрғылықты мекен жайында болу және белгілену кестесін бұзған. Сот артқан міндеттерді орындамағаны үшін оған іздеу жарияланды», — деп атап өтті Атырау қ. пробация қызметінің басшысы Ғарифолла Түрекешов.
«ҚАЖ пробация қызметінің өкілдері сотталғанның ізіне түсті. Сотталушы кеше, кешкі уақытта Атырау қ. «Шалқыма» сауда үйінің маңында ұсталды. Ол тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен», — деді ол.