Атырауда мұз сарайының құрылысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда мұз сарайының құрылысы басталды

Атырауда мұз сарайының құрылысы басталды

Атырау. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда мұз сарайының құрылысы басталды. Оның тапсырысы 2009 жылға жоспарланып отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі Атырау облысының құрылыс департаментіні сілтеме жасай отырып.

  • 10 Қаңтар 2008
  • 561
Фото - Caravan.kz

Нысанның құны 1,4 млрд теңгеге бағаланып отыр. Мұз айдынының жобасы алматы жобалаушыларымен дайындалған.

Мұз айдынының жалпы көлемі 6 мың шаршы метрді құрайтын болады. Ғимараттың негізгі бөлігінде ауқымы 61 де 30 шаршы метрге жететін 800 көрерменге арналған зал және мұз айдыны орналасады.

«Қосымша бөліктер спортсмендер мен көрермендерге қызмет көрсету бөлмелерінен құралады. Онда киім-ауыстыру, шайыну бөлмелері, медициналық, баптаушылар, қазылар бөлмелері салынады. Сонымен қатар, ғимараттың бірінші және екінші қабатында фойелер, 40 орынға лайықты асхана, бильярдтық зал жұмыс істейтін болады «, — деп хабарлады облыстық құрылыс департаментінде.

Бүгінде инженерлік желілер тартылып, жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Нысан алдағы жылы пайдаланылуға беріледі деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті