Атырауда өздерін түрмеде жүргендей сезінетін мұғалімдер директорларына қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда өздерін түрмеде жүргендей сезінетін мұғалімдер директорларына қарсы шықты

Атырауда өздерін түрмеде жүргендей сезінетін мұғалімдер директорларына қарсы шықты

Басшының бассыздығы! Атыраудағы орта мектеп ұжымы осылай деп директорларына қарсы шықты. Айтуларынша, №4 мектепке қыркүйек айында ғана директор болып тағайындалған Дина Стамғали әрқайсысының басқан ізіне дейін аңдып, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін көрінеді. Оның үстіне жанына туыстары мен таныстарын жинап, оларға орын босату үшін бұрыннан келе жатқандарға қысым күшейді дейді ашулы мұғалімдер.Мектепте емес, тергеу абақтысындағыдай күн кешіп жүрміз деген ұстаздардың базынасын тілшіміз тыңдап келді.

  • 15 Қаңтар 2015
  • 510
Фото - Caravan.kz

Гагарин атындағы № 4 мектептің 50-ге тарта ұстазы бүгін сабақ өткізген жоқ. Оқу жылы басынан бері қордаланып қалған дауды бүгін түбегейлі шешу үшін акт залына ағылды. Айтуларынша, Дина Стамғали директор болып келгелі сабақ жайына қалған.

Файзура Айтжанова, мұғалім:

-Біздерге психологиялық қысым көрсетеді. Мысалы, бір педагог-ұйымдастырушыны  жұмысқа алады. Ол кісі менің артымнан бақылайды, нешеде мен жұмысқа келем, нешеде мен классқа кірдім, нешеде мен журналды алдым, қандай сағатта мен аяқ киімімді ауыстырдым…

Басқасы басқа, жаңа басшы бірнеше жылдан бері өзгеріссіз келе жатқан ұстаздардың оқыту сағаттарына шүйлігіпті.

Жанат Бужанова, кәсіподақ төрайымы:

-Зейнеткерлік жасқа 3 жыл қалған адамды қозғады, одан қала берді бірнеше адам, оның ішінде оралман бар, оралман болғаны үшін кінәлі ме, 7-8адам тарифтен түсіріліп қалды. Бұл адамның тағдырына тәлкек.

Бағыныштыларының базынасынан қашты ма, мектеп басшысы мүлде төбе көрсетпеді бүгін. Хатшысына ауырып жатырмын деп хабарлама жіберген Дина Стамғалидың орнына қалалық білім бөлімі жауап берді.


Нұрсәуле Сайлауова, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы:

-Екі жақты да мәселе болғаннан кейін, бұл жерде директордыкі бас алып, көз шығару емес қой. Толықтай 100 пайыз ұжымдыкі дұрыс болса, біз мектеп директорын алып тастар едік.50 де 50 пайыз. Кейбір талаптарға, сабақтың сапасын тексермеңіз, сабағымызға қатыспаңыз деген болмайды ғой.

80-ге жуық мұғалім қол қойған арыздан ештеңе өзгермейтін секілді. Білім бөліміндегілер директордың орнында қалатынын нықтап айтты. Себебі, білім сапасы мен ішкі тәртібі төмен №4 мектептегі жағдайды тек жүйкесі мықты, білімі мен тәжірибесі мол маман ғана дұрыстай алады деп отыр.