Атырауда педофил деген күдікпен екі ер адам қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда педофил деген күдікпен екі ер адам қамауға алынды

Атырауда педофил деген күдікпен екі ер адам қамауға алынды

«Ұсталғандардың бірі 35 жастағы С.Ж. есімді азамат кездейсоқ көшеде кездескен 11 жасар қыз баланың дәрменсіздігін пайдаланып, азғындық әрекет жасаған. Ал ұсталған 42 жастағы К.Н өзінің өгей қызына қатысты азғындық әрекеттерге барған деп күдіктеліп отыр. Аталған азаматтарды 2 ай мерзімге қамауға алу жөнінде Атырау қаласының №2 соты сот санкциясын берді. Бұл фактілер бойынша тергеу органдарымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 124-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Фото - Caravan.kz