Атырауда прокуратура қаланың экс-әкімі Асқар Керімовке шығарылған үкімге наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда прокуратура қаланың экс-әкімі Асқар Керімовке шығарылған үкімге наразылық білдірді

Атырауда прокуратура қаланың экс-әкімі Асқар Керімовке шығарылған үкімге наразылық білдірді

Атырауда прокуратура қаланың экс-әкімі Асқар Керімовке және басқа да сотталғандарға шығарылған сот үкіміне наразылық білдірді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 7 Желтоқсан 2014
  • 423
Фото - Caravan.kz


Прокуратура нұсқасы бойынша, сот үкім шығарарда сотталушыны 3 жылға бас бостандығынан айыра отырып, оның әрекетіне дұрыс баға берген жоқ.

Осының негізінде прокуратура соттан Атырау қаласының экс-әкімі Асқар Керімовті ҚР ҚК 235-бабының бірнеше бөлімдерімен айыпты деп танып, оған мүлкін тәркілеумен 12 жылға бас бостандығынан айыру және жазасын қатаң режимде өтеу үкімін тағайындауды сұрайды. Мемлекеттік айыптаушылардың пікірінше, облыстың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің командасындағы бірқатар бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлерге  бұдан  қатаң жаза тағайындаған жөн деп санайды.