Атырауда қамауға алынғандар наразылық ретінде тамырларын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда қамауға алынғандар наразылық ретінде тамырларын кесті

Атырауда қамауға алынғандар наразылық ретінде тамырларын кесті

Атыраудағы тергеу изоляторына қамалғандар мекемедегі ұрып-соғуға наразылық ретінде өз тамырларын кесіп тастады.

  • 27 Қаңтар 2014
  • 214
Фото - Caravan.kz


Бұл оқиғаны қалалық жедел жәрдем стансасындағылар растады. Аталған мекеменің кезекші бригадалары изоляторға шақырылған болатын. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қамаудағы 19 адамға көмек көрсетіліп, оның 4-еуі травматологиялық пунктке жеткізілген.

Қазір тергеу изоляторына атыраулық прокуратураның басшылығы барып қайтты. Алайда прокуратура мен изолятор басшылығы осы оқиғаға қатысты мән-жайды анықтауға келген журналистер мен зардап шеккендердің туыстарына қандайда бір мәлімет беруден бас тартты.