Атырауда қараусыз қалған ұңғыманың кесірінен мал қырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда қараусыз қалған ұңғыманың кесірінен мал қырылуда

Атырауда қараусыз қалған ұңғыманың кесірінен мал қырылуда

Атырау облысында қараусыз қалған ұңғыманың кесірінен жаппай мал қырылуда. Былтыр күзде «Потенциал ойл» мұнай компаниясының бұрғылау ұңғымасында апат орын алып, кейін қараусыз тастап кеткен. Енді оның орнында пайда болған шұңқырдағы мұнай, газ, құм аралас масса бұрқылдап қайнап жатыр. Одан тараған газдан төрт-түлік қана емес, адам қазасы да жиіледі дейді тұрғындар. Тіпті ауылдағы ағаш атаулы жапырағынан айрылып, жалаңаш күйге түскен. Елді-мекенге экологиялық апат төніп тұрса да жергілікті билік қол қусырып отыр. 

  • 20 Тамыз 2013
  • 512
Фото - Caravan.kz

Жанбай селосы маңындағы жерасты газ ерітіндісіне толы мына шұңқырдың пайда болғанына бірнеше ай болды. Жақында мұның қатары және екеуімен тағы толықты. Ауылдықтардың қазір күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған жайы бар. Себебі, ауылда белгісіз дерттен мал қырылып, адам өлімі көбейіп бара жатыр.

Ертеңгілік және кешкілік уақытта ауылды түгел алып кететін, тынысты тарылтар күлімсі иістен далаға шығу мүмкін емес. Жел шұңқыр жақтан соқса тіпті қиын. Көшеде қазір жасыл желек кездестіру де оңай емес.

Бисенғали Жұмабекұлы, Жанбай ауылының тұрғыны:

— Белгісіз себеппен малдар өле береді. Кеше де бір түйе өлді осылай масалап келеді де өле береді. Мына түйе де жатыр адам өлімі де көп,  қарап отырып кетіп жатыр, ұйықтап кеткендер оянбайды.

Әуелі пайда болған шұңқыр қоршалғанымен, одан кейінгілердің беті ашық. Айналасы қу тақыр. Бұл жаққа беттеген малын жанбайлықтар жаяу емес, көлікпен алысқа қуып салады. Себебі, қолдағы азын-аулақ мал арам қата ма деп қорқады.

Зәкария Жұмағазиев, Жанбай ауылының тұрғыны:

— Біз айқай шығардық. Халықты улап жатыр деп. Бірақ осыны жасырды. Бізді күн сайын шақырды. Қарттарды қонақ етіп, зияны жоқ деп айтыңдар деп. Жасырғанның кесірі міне мал қырылып жатыр. Мынадан шыққан газ шөпке жабысады. Мал соны жейді де өледі.

Тұрғындардың айтуынша, шұңқырдағы ыстық массаны осы жерді бұрғылаумен айналысқан «Потенциал ойл» компаниясының мамандары алғашында тазартып тұрған. Бірақ, кейін ол жұмыс та тоқтапты. Мұнай компаниясының басшылары болса, бұл шұңқырлардың қоршаған ортаға еш зияны жоқ деп міз бақпай отыр.


Әбдірхан Өтесінов, «
Потенциал ойл»ЖШС бас директоры:

— Шыққан газдыңанализин алып, КАЗнигриге тапсырдық. Олар қоспа жоқ, бәрідұрыс, адам мал денсаулығына зиян келтіретін компонент жоқдеген қорытынды жасады. Газ күні-түні шығып жатқан жоқ. Шығады, басыладығой.

Ал атыраулық экологтар әлі күнге шұңқырдағы сұйықтықтың не екенін және қоршаған ортаға зияны бар-жоғын әлі тексермепті де.  «Потенциал ойл» компаниясының қайнаған ордың көзін құртамыз деген сөздеріне сеніп, еш әрекет етпей отырмыз дейді.