Атырауда «Қазпошта» қызметкерлері жұмыс орнында уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда «Қазпошта» қызметкерлері  жұмыс орнында уланып қалды

Атырауда «Қазпошта» қызметкерлері жұмыс орнында уланып қалды

Атырауда тағы да адамдар уланды. Оқиға бүгін түстен кейін қаладағы «Қазпошта» бөлімшесінде болды. Қызметкерлер бір мезетте өздерін жайсыз сезіне бастаған.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 234
Фото - Caravan.kz

Яғни, бастары айналып, жөтел қысып, тамақтары қышыпты. Шақырылған жедел жәрдем поштаның 5 қызметкерін ауруханаға алып кеткен. Дәрігерлер оларды газдан улануы мүмкін дейді. Науқастар ем-домын жасап, үйлеріне жіберілген. Қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

Салтанат СӘДЕНОВА, пошта қызметкері:

-Сағат 2-лерде болған оқиға. Бір мезетте болды. Осы жерде отырғандадың  бастары ауырып, жөтеліп, кейбіреулерінің үстерінде қышу  пайда болды. Сосын жедел жәрдем  алып кетті.  Клиенттердің бастары ауырып, жөтеліп, шығып кетті далаға.