Атырауда қос тентек көлікпен жарысып моланы талқандады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда қос тентек көлікпен жарысып моланы талқандады

Атырауда қос тентек көлікпен жарысып моланы талқандады

Жолда емес, зират басында жарысқан. Атырауда көлікпен қорым ішінде әрі-бері жүйткіп, бейіттерді ойрандағандар ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

  • 20 Желтоқсан 2014
  • 461
Фото - Caravan.kz


«Жигули» мінген екеу христиан қабірлері тұрған жерде ойран салыпты. Араққа сылқия тойып алғандары сонша, полиция қолына түскеннен соң бір-ақ ес жиған. Тілдері күрмеліп, удай мас болған олар дұрыстап түсініктеме де бере алмапты. Қазір бұл екеуіне қатысты «көлікті мас күйінде жүргізу» бабы бойынша іс қозғалып жатыр.