Елдің басты құжатын білетіндер гранттар мен сыйлықтарға ие болады.
«Байқауға кез келген азамат қатыса алады. Жеңімпаздар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Каспий маңы заманауи колледжінде, Атырау бизнес және құқық колледжінде, К. Дәуітбаева атындағы гуманитарлық колледжде білім алу гранттарына ие болады. Қазақстан Конституциясын жақсы білетін үздіктер Махамбет атындағы Қазақ облыстық драма театрына, «Бейбарыс» хоккей клубының матчтарына маусымдық және «Мұнайшы» спорт кешеніндегі бассейнге барудың бір жылдық абонементіне ие болады, — деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде.