Қылмыстық кодекстің 4-бөлімі 188-бабы бойынша — «Аса үлкен көлемде мұнай құбырынан қылмыстық топтың ұрлық жасағаны үшін» қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша санкция мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасын көздейді», — деді Г.Мұхтарова.
Еске сала кетейік, «ҚазТрансОйл» компаниясының «Мартыши-Атырау» мұнай құбырын заңсыз тесу фактісі 18 қаңтарда анықталды. Белгісіз адамдар мұнай құбырын тесіп, біраз көлемде мұнай ұрлаған. Тесілген жер қайтадан қымталмай, бірнеше жүз шаршы метр жерге мұнай төгілген. Тесік бітеліп, ластанған жер тазартылды.
Табиғат қорғау прокуратурасы экологияға келтірілген зиян көлемін анықтауда. «ҚазТрансОйл» ұрланған мұнай көлемін айтқан жоқ.