Атырауда тапаншасын жоғалтқан полицей жазасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда тапаншасын жоғалтқан полицей жазасын алды

Атырауда тапаншасын жоғалтқан полицей жазасын алды

Қызметтік қаруын жоғалтқан тәртіп сақшысы жазасын алды. Оқыс оқиға Атырауда өткен жылғы қыркүйек айында Қазақстан мен Ресейдің 9-шы аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық кезінде болған еді. Түнгі кезекшілік кезінде көлігінде қалғып кеткен Сырлыбек Көрпебаевты көрген мас азамат оның 8 оғы бар тапаншасын ұрлап әкеткен.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 193
Фото - Caravan.kz

Аға сержант қаруының жоғалғанын үш сағат өткенде байқаған. Ал сұғанақ бұрын сотталған екен. Сол табельдік қарумен жанармай бекетіне шабуыл жасап та үлгеріпті. Осы оқиғадан кейін жергілікті әкімішілік полиция басшылығы қызметтерінен босатылған. Өйткені бұл Атырауда орын алып отырған екінші жағдай еді. Мұның алдында жол сақшысы қызметтік қаруын дәретханада ұмыт қалдырған болатын. Ал тапаншасын жоғалтқан ұйқышыл сержант 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Сот оның кәмелетке толмаған 4 баласының барын ескеріпті.