Атырауда «телефон лаңкесі» сот залынан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда  «телефон лаңкесі» сот залынан босатылды

Атырауда «телефон лаңкесі» сот залынан босатылды

Атырауда «жарылғыш зат қойылды» деп жұртты дүрліктірген келіншек сот залынан босап шықты. 28 жастағы Надежда Мосунова ер-азаматтардың мерекесі қарсаңында араққа сылқия тойып алып, «қалалық ішкі істер бөліміне бомба қойылды» деп, -102 қызметіне қоңырау шалған.

  • 26 Маусым 2015
  • 240
Фото - Caravan.kz

«Телефон лаңкесі» тез арада ұсталып, абақтыға жабылған еді. Бірақ, жүзден астам полицейді тік тұрғызып, ішкі істер департаментінің жұмысын бірнеше сағатқа тоқтатқан қыз бүгін сот залынан үйіне қайтты. Мемлекеттік айыптаушы Мосунованы екі жылға бас бостандығынан айыруды сұраса да, сот оның кәмелетке толмаған баласы бар екенін және барлық шығынды, яғни 28 мың теңгені өтегенін ескеріп, осындай шешім шығарыпты. Ал, 1 жарым ай бойы түрменің дәмін татқан Надежда Мосунова енді бұлай істемеймін деп ант-су ішті.

Надежда Мосунова, Атырау қаласының тұрғыны:

— Қамауда отырғанда түсіндім не істегенімді. Басқаларға да мұндай әрекетке бармаңдар деймін, тым қымбатқа түседі екен.