Ару Қосымбаева , №27 мектеп директоры:
— Санэпидемстанция келді, ашық түрі деп айтып кетті біздерге. Қазір больницада жатыр. Ешқандай аурудың белгісі ол кісіден байқалған жоқ. Больничныйға шыққан жоқ, кәдімгі ауырып немесе әлсізденіп жұмыстан қалған емес.
Осы оқиғадан мыңға жуық шәкірті бар білім ордасында дүрбелең басталған. Осында оқып жатқан балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналардан да маза кеткен. Себебі мұғаліммен қатынаста болған жоғары сынып оқушысының бірі ұстазынан туберкулезді жұқтырғаны анықталып отыр. Жұқпалы дерт таралып кетпесі үшін эпидемиолог мамандар білім ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізген. Басқа ұстаздар мен оқушылар да шұғыл тексерістен өткізіліп жатыр. Ал бұл жәйттан облыстық, білім, және денсаулық басқармаларының басшылары хабарсыз болып шықты.