Атырауда тұрғынүйде газ жарылып, ерлі-зайыптылар мен 2 жасар қызы опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда тұрғынүйде газ жарылып, ерлі-зайыптылар мен 2 жасар қызы опат болды

Атырауда тұрғынүйде газ жарылып, ерлі-зайыптылар мен 2 жасар қызы опат болды

Атыраудың маңындағы Сарыөзек елдімекенінде газ жарылып, бір үйден үш бірдей адам қаза тапты. Ал күйік шалған тағы бір жігіт ауруханаға түскен. Олардың арасында бір жарым жастағы бала бар.

  • 12 Қазан 2013
  • 291
Фото - Caravan.kz

Қайтыс болғандар Атырауға күн көріс мақсатымен келген Өзбекстан азаматтары екен. Жас отбасы мына баспананы жалдап тұрыпты. 9-шы қазан күні Жайықтың оң жағалауындағы үйлерге көгілдір отын беру уақытша тоқтатылған. Сол кезде пәтердегі газ ашық қалса керек. Таң алдында қайта қосылған кезде, жойқын жарылыс болған. Ал істін мән-жайын анықтауға кіріскен мамандар сарайға газ желісі заңсыз түрде тартылуы мүмкін деп отыр.


Нұраддин Өтежанов, оқиға куәгері:

— Таңертең 7- де жұмысқа шығып тұрганда жарылыс болды. Гүрс етіп, содан қай жақтан жарылыс шықты екен деп қарадым, өзім машинамен жүргем.  Сөйтсем сарай жермен-жексен болып жатыр екен. Сосын сол арада жедел жәрдемге, өрт сөндірушілерге звондадық.