Атырауда вакцина алғандар арасында 1 млн теңгенің ұтыс ойыны өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда вакцина алғандар арасында 1 млн теңгенің ұтыс ойыны өтеді

Атырауда вакцина алғандар арасында 1 млн теңгенің ұтыс ойыны өтеді

Атырауда сауда орталығы вакцина алғандар арасында 1 млн теңгенің ұтыс ойынын өткізеді.

  • 14 Шiлде 2021
  • 84
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Атырауда вакцина салдырған он адам 200 мың теңгенің сертификатын ұтып алған еді.

Енді «Baizaar» сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі 1 миллион теңгенің ұтыс ойынын өткізуге ұйғарым жасап отыр.

Ұтыс ойыны 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында өтеді.

Оған қатысу үшін сауда орталығындағы вакциналау бекетінде вакцина алу қажет.

Содан кейін қатысушының толтырған купонының екінші бөлігі арнайы лототронға салынады.


«Ұтыс ойынына осы сауда орталығында вакцина алған тұрғындар ғана қатысады. Ал, 1 млн теңгелік қаржылай жүлденің иегері 1 қыркүйекте @baizaar_mall инстаграм парақшасында тікелей эфирде анықталады», — дейді сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі.

Соңғы жаңалықтар