Жарияланды: 110

Атырауда жас жігіт билеп тұрған бойжеткенді жұдырықпен бір ұрды – видео

Атырауда жас жігіт билеп тұрған бойжеткенді жұдырықпен бір ұрды – видео

Атырауда дәмхана ішіндегі би алаңында қызға қол көтерген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан. -ға сілтеме жасап.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қазанда сағат түнгі үш шамасында 26 жастағы бойжеткеннен полицияға қоңырау түскен. Ол би алаңында ер адамның өзін жұдырықпен ұрып қашып кеткенін айтты.

 

"Сағат 03:33-де 102 операторына 1995 жылы туған тұрғын хабарласты. Ол сағат 03:25 шамасында Атырау қаласы Азаттық көшесінде орналасқан дәмханада билеп жүрген кезде белгісіз ер адам сол жақ көзі тұсынан ұрып, қашып кеткенін айтты", - делінген полиция ақпаратында.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөліміне ("бұзақылық") сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Жедел іздестіру шаралары кезінде 1998 жылы туған азамат ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін