Атырауда жеке меншік авто жанармай құю бекеттерінде жанар-жағармайға қатысты айла-шарғылар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жеке меншік авто жанармай құю бекеттерінде жанар-жағармайға қатысты айла-шарғылар анықталды

Атырауда жеке меншік авто жанармай құю бекеттерінде жанар-жағармайға қатысты айла-шарғылар анықталды

Атырау. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда жеке меншік авто жанармай құю бекеттерінде жанар-жағармайға қатысты айла-шарғылар анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Атырау облыстық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Шiлде 2008
  • 725
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, автокөлік иелеріне жанармайды толық құймай, «үнемделген тауарды» сату есебінен кәсіпорын директоры қосымша пайда тапқан. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 223-бабы (тұтынушыны ірі көлемде алдау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жанар-жағармай сататын жеке меншік кәсіпорынның атыраулық филиалының директоры қарамағындағыларға жанар-жағармай станциясындағы отын таратушы колонка аппаратурасының нормативтік стандарт талаптарына сәйкес білгеленген көрсеткіштерін өзгертуге нұсқау берген. Жалпы алғанда бұл ЖШС-інде Атырау қаласы бойынша 17 жанармай тарату станциясы бар. Нәтижесінде, тұтынушыларға сатылған әрбір 20 литр жанар-жағармайдан шамамен әрбір отын түрі бойынша 120-200 грамм жанармай кем құйылып отырған», -делінген хабарламада.

Бұл деректі құқық қорғау органдары «Ұлттық сараптама және сетификаттау орталығы» АҚ-ның Атырау филиалының мамандарын тарта отырып жүргізген шұғыл тергеу шаралары барысында жанармай тарату станцияларында бақылау өлшеулерін жүргізген кезде әшкереленді. Мамандар отынның кем құйылып келгенін растады.

ҰҚКД анықтағанындай, «осындай айла-шарғылардың көмегімен филиал басшысы ай сайын әрбір отын түрінен 4 — 6 тонна үнемдеп, оны әріқарай қолма-қол ақшаға сатып отырған». Сонымен бірге, шамамен 6 тонна АИ-93 маркалы жанармайды тиісті құжаттарсыз Атырау облысындағы бір жеке меншік жанармай тарату станциясына жіберу дерегі анықталып, құжат бетіне түсірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті