Атырауда жеті баланың анасын аяусыз пышақтап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жеті баланың анасын аяусыз пышақтап тастаған

Атырауда жеті баланың анасын аяусыз пышақтап тастаған

Атырау облысы Жылыой ауданда ер адам 35 жастағы жеті баланың анасын аяусыз пышақтап тастаған.

  • 26 Қараша 2021
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қанды оқиға 26 қараша түнде болған. 25 жастағы ер адам жанжал кезінде әйелге бірнеше жерінен пышақ салған. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды. 

“Аталған дерек бойынша 25 жастағы Жылыой ауданының тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде”, — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, осыған дейін Атырау облысы Сағыз ауылында жастар төбелесіп, бір адам қаза тапқан еді. Іздеуге жарияланған үш күдіктінің біреуі ұсталды.


Соңғы жаңалықтар