Атырауда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкері қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкері қамауға алынды

Атырауда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкері қамауға алынды

Атырауда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкері пара алу үстінде ұсталды.

  • 25 Мамыр 2015
  • 448
Фото - Caravan.kz

Оны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жедел тобы қолға түсірді.

«Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол компаниялардың бірінен 481 мың теңге көлемінде пара бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ол шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде, сондай-ақ ел аумағында жұмыс істеуге осындай рұқсаттарды ұзарту кезінде кедергі келтірмеуге уәде берген», — деп хабарлады департамент басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Қамбатыров.