—Мынау дұрыс емес, екінші сортты халықпыз ба? «Бәрібір» деп үстімізге құйып жатқан шығар. Біз де салық төлейтін Қазақстан азаматымыз….
Бұрын мұндай су қала ішінде орналасқан арнайы құдыққа төгілетін. Бірақ иістен запы болдық деп шаршаған тұрғындар жан-жаққа арыз жазып, ақыры оны сот шешімімен жауып тастаған. Кейін қалаға жақын орналасқанСарыөзек ауылының маңынан арнайы орын бөлініпті. Тек сол жерге жету жүргізушілерге мұң болып тұр. Себебі, жол жоқ.
Ержан Ыбыраев, көлік жүргізушісі:
-Лас сумен келіп тұрмын, төгетін жерге жете алмай тұрмын. Қаңтардың 15-де көшірді бізді. Көшіргенде жол жоқ. Жер қатқақ болды, біз жүрдік. Ал қазір езіліп, жер еріп жатыр, тоң түсіп жатыр, жүруге мүмкін емес.