Жарияланды: 320

Атырауда жылусыз отырған жұрт шу шығарды

Атырауда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің тұрғындары жылу мен ыстық суға қол жеткізе алмай отыр. Нұрсая ықшамауданындағы 6 көпқабатты үйде тұратындар жылудың жөнді берілмеуі салдарынан электр пешін қосып, жан сақтауда. Оның үстіне ыстық судың жоқтығы да жанға батып тұрған жайы бар. Тұрғындардың айтуынша, төменгі қабатта сыздықтап ағатын салқын су да жоғарыға мүлдем көтерілмейтін көрінеді.

Қазір Нұрсаядағы кез-келген пәтердегі жағдай осы. Жылу берілген кезде батареялар әр жерден жарылып, су еден астына кеткен. Тұрғындар енді амал жоқтықтан онсыз да суық пәтерді сыз баспасын деп, үйдің ішін электр пешін қосып кептіріп отыр.

Светлана Сағынаева, Атырау қаласының тұрғыны:

-Қазір балдар қатып-үсіп отыр. Жылуы жоқ үйге айына 51 00 төлейміз. Батареялардың барлығы жарылып жатыр

Бұл үйлердің барлығы да мемлекеттік бағдарламамен салынып, биыл көктемде ғана пайдалануға берілген. Мұнда негізінен мемлекеттік қызметкерлер мен жас отбасылар, жетімдер тұрады. Ипотекалық несиемен алғандар да бар.

Құралай Қосубаева, Атырау қаласының тұрғыны:

-15 жыл күткен үйім, азар дегенде алған. Ыссы су жоқ, мұздай су жоқ.

Тұрғындардың айтуынша, суық түспей тұрып 6 үйдің тұрғындары жиналып, тиісті орындардың бәріне барған. Бірақ олар бір-біріне сілтеп, уақыт оздырды дейді ашулы тұрғындар. Ал осы су жаңа үйлердің сырты мен ішіне жауап беретін пәтер иелері кооперативі төрағасының сөзіне сенсек, мәселе жуық арада шешілмек.

Нариман Мұхамедиев, пәтер иелері кооперативінің төрағасы :

-Бәрі компьютермен істеп тұр.Сондықтан кейде үзіліп жатыр.  Негізі жылу бар, арасында қысым түсіп кетеді, сол кезде 4-5-ші қатарларға бармайды жылу. Бірақ , бақылауда ұстап тұрмыз, жылу болады, операторларды тапты, жылу болу керек.

Мұндағы тұрғындардың кейбірі қазір үйі жылы тума-туыстарын жағалап кетсе, барар жері жоқтары басқа түскенге амалсыздан көніп отыр. Ал жергілікті әкімдік жұрттың жанайқайынан кейін қана қауырт қимылға көшіп, жылу мен ыстық-суық су мәселесін шешуге білек сыбана кірісті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін