Атыраудағы жатақхана тұрғындары апатты үйде тұруға мәжбүр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы жатақхана тұрғындары апатты үйде тұруға мәжбүр

Атыраудағы жатақхана тұрғындары апатты үйде тұруға мәжбүр

Атыраудағы жатақхана тұрғындары наразылық білдірді. Олар әкімдіктен баспаналарын апатты деп тануды талап етіп отыр. Салынғанына 40 жылдан асқан бұл үйге бір де бір рет жөндеу жүргізілмеген екен. Қазір төбесінен су сорғалап, қабырғалары сыздан қақырай бастапты. Лас жерде соңғы уақытта құрт-құмырсқа мен кеміргіштер де қаптаған. 

  • 26 Қараша 2013
  • 573
Фото - Caravan.kz

Ен байлықтың үстінде отырса да, Атыраудың қарашасы тұрмыс тауқыметінен арылмай келеді. Шыдамы шегіне жетсе керек, бүгін қала ортасындағы мына жатақханада тұратын 154 отбасы түгел шу шығарды.

— Иіс деген мынау вообще, кіттай бала түгіл өзің қолқаңды, жөтеліп, таңға дейін ұйқтай алмай, полдың астынан тышқаны керек па, крысасы керек па, не зат, құлап нетіп жатыр, иісі деген өңменіңді атып жатыр.

Тұрғындардың мұндағы мұрынды жаратын сыз бен кәріз суының иісіне еті үйреніп кеткен. Өйткені паналайтын басқа жері жоқ. Төбе шұрқ-тесік, ал электр сымдары қалай болса, солай тартыла салған. Биылдың өзінде 3 рет өрт шығып, 1 адам бақилық болыпты. Жұрт енді әкімдіктен жатақхананы апатты деп тануды талап етіп отыр.

Мира Қосыбаева, жатақхана тұрғыны:

Бұл үйде атжалман да, құрт-құмырсқа да толып жүр: солардың барлығы қабаттағы адамдардың пәтерінде өріп жүр, канализацияның иісі барлық қабатқа көтеріледі, мұнда тұру мүмкін емес.

Қалалық әкімдік бұл мәселемен жақсы таныс. Тіпті үйдің іші-сыртын аралап та көрген. Жатақхананың жағдайын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындапты. Тұрғындар енді соның қорытындысын күтуі керек.


Жұмабай Қарағаев, Атырау қаласы әкімінің орынбасары:

— 31 желтоқсан күні үйдің апатты немесе әрі қарай пайдалануға жарамды екенін анықтайтын сараптама қорытындысы беріледі. Жарамды деп танылған жағдайда күрделі жөндеу жүргізіледі. Ал апатты болса, көре жатармыз заң бойынша.

Әкімдіктің уәдесінен шаршағантұрғындар бұған сенбейміз дейді. Егер комиссия да тозығы жеткен баспаналарын апатты деп танымаса, мұң-мұқтажын Астанаға барып айтпақ ойда.