Атыраудың 3 тұрғыны лаңкестікті насихаттағаны үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудың 3 тұрғыны лаңкестікті насихаттағаны үшін ұсталды

Атыраудың 3 тұрғыны лаңкестікті насихаттағаны үшін ұсталды

Атырау облысының құқық қорғау және арнайы органдары терроризмді насихаттаған, қарулы қақтығыстарға қатысу үшін

  • 24 Маусым 2015
  • 406
Фото - Caravan.kz

Сирия Араб Республикасына кетуге дайындалған деген күдік келтірілген Атырау қаласының 3 тұрғынының құқыққа қарсы әрекеттерінің жолын кесті.

Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 256 бабының 2 бөлігі (терроризмді насихаттау), 24 бабының 1 бөлігі, 172 бабы (шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысуға дайындалу) және 259 бабының 1 бөлігінде (лаңкестік не экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сотпен күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.