Атыраудың іргесіндегі ауыл наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудың іргесіндегі ауыл наразылық білдірді

Атыраудың іргесіндегі ауыл наразылық білдірді

Атырау іргесіндегі бүтін бір ауылдың тұрғындары өлместің күйін кешіп отыр. Қаладан небары 4 шақырым жерде тұрса да Береке ауылының түйткілі жетіп артылады. Халықты әсіресе ауыз су мен жарық мәселесі әбден қажытқан.

  • 9 Шiлде 2015
  • 474
Фото - Caravan.kz

Жайық суын 5000 теңгеден сатып ішіп отырған  әрбір ауыл тұрғынының жағдайы осы. Оның өзін мынадай қалың киізден жасалған сүзгіден өткізбесе, құдыққа құрт-құмырсқа бірге құйылады.

Биханым Айыпқалиева, Береке ауылының тұрғыны:

-Біздің суымыз – кадімгі лай су. 3 тонна 600 келі суды 5 мыңға құйдырам, ал ол кез-келген кісінің жағдайы бес мыңға тарта бермейді ғой. Енді оны ішуге былай қарағанда, ауру шығып кетсе, ауылдың арасында, кім жауап береді мысалы?

Бұдан өзге берекеліктердің берекетін қашырып тұрған тағы бір мәселе – жарық. Құлағалы тұрған мынадай бағаналарды жұрт өздері қойғызған. Оның өзі тоңазытқыш пен теледидарды қатар қосса қуат жетпей, өшіп қалады екен.

Берекеліктердің базынасына атқамінерлердің жауабы даяр. Сөздеріне сенсек, тұрғындар кезінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілген жерлерге рұқсатсыз баспана салған. Сол себепті, инфрақүұрылым тарту мәселесі кешеуілдеп жатыр екен.

Азамат Айманакумов, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары:

-Олардың салып қойған құрылыстарын бұзуға —  күрделі мәселе. Сондықтан оларға уақыт керек, шыдап,сол жерлердің барлығы да босалқы жерлер елді-мекендер шегіне ауысу мәселесін күту керек. Бұл мәселені жергілікті әкімдік өкілетті орган маслихатпен бірлесіп, көтеріп жатырмыз.

Шырылдаған халыққа шенеуніктердің айтары —  біреу. Әуелі үйлерінің құжаттарын заңдастырулары қажет. Ал оған кемі 2-3 жыл керек. Яғни, қала іргесіндегі елді-мекен әлі бірнеше жыл сусыз, жарықсыз өмір сүреді деген сөз.