Жарияланды: 720

Атыраулық «қарт бала» Нұржан Өркешбаев дүркіретіп той өткізді

Ерте қартайған атыраулық Нұржан Өркешбаев шаңырақ көтерді. Дүркіреген той Қызылқоға ауданына қарасты Мұқыр ауылында өтті. Салтанатты шараға 300-ден астам адам шақырылған. Бір айта кетерлігі, бүкіл елге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танымал болған Нұржан тойында тілшілердің болуын жөн санамапты.

Бет-әлпетінің ерте қартаюымен дүйім жұрттың назарын өзіне аудартқан Нұржан осыдан аз уақыт бұрын «үйленгелі жатырмын» деген еді. Көпшілік күткен осы той өткен жұма күні оның туған ауылында өтті. 

- Нұржанды сүйгендігі соншалық,

5-6 баланы шұбыртып туатын,

Осы шаңыраққа тастай батып, судай сіңгені соншалық,

Төркініңе – Құлсарыға екі рет барам деп ант етші.

- Ант етем!

«Қарат-бала» қазір 24 жаста. Ал үріп ауызға салғандай қалыңдық Нұржанмен түйдей құрдас, есімі – Әсемгүл. Ол да Атыраудың тумасы. Көшеде көздері түйісіп, бір-бірін құлай сүйіп қалған қос ғашық бір жылдай қыз бен жігіт боп жүріп, ақыры шаңырақ көтеруді жөн көрген. 300-ден астам қонақ шақырылған тойды 4 асаба басқарды. Ал осыдан 4 жылдай бұрын «Пусть говорят»  ток-шоуына қонақ боп қайтқан Нұржан сол кезде Андрей Малаховты өзінің тойына шақырған еді. Атақты жүргізуші болса, сонау қиырдағы Қызылқоға ауданына барып, тіпті тойды жүргізіп беремін деп уәде берген.

Малахов: - Я даже проведу вашу свадьбу! 

Бірақ Малахов сөзінде тұрмады. Тек әлдекімдер арқылы демалыста жүргендіктен тойға келе алмайтынын, бірақ жас жұбайларға арнайы сыйлық беріп жіберетінін айтып, сәлем жолдапты. Ресейлік тележүргізушінің Нұржанға тигізген бір пайдасы – осы бағдарламадан кейін оған Алматыда пластикалық ота жасалды. Сол кезде хирургтер оны 30 жылға жасарды деп жар салған еді. Бірақ қазіргі бет-әлпетінен ондай өзгеріс байқалмайды.

Неде болса, «қарт баланың» үйлену тойы дүркіреп өтті. Енді жас жұбайлар ауылда тұрмақ, себебі, Нұржан – үйдің үлкені. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін