Атыраулық теміржолшылар интернеттің жұлдызына айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраулық теміржолшылар интернеттің жұлдызына айналды

Атыраулық теміржолшылар интернеттің жұлдызына айналды

Атыраулық теміржолшылар ғаламторды шулатты! Олар ағылшынның "Уан Дирекшн" тобының әніне өздерінше бейнебаян түсіріпті.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл клип теміржолшылар арасында өткен көңілді тапқырлар клубындағы «Үй тапсырмасы»  бөлімі үшін дайындалған. Ал ғаламторға оны әрлеп, монтаж жасағандар салып жіберіпті. Таспаға түсу үшін диспетчерлер,  инженерлер мен разъезд басшысы бір күн жұмыстарынан қалған. Клипке қажет 70 мың теңгені кәсіподақ бөлген. Теміржолшының әр күні май басқан рельстерге қараумен ғана өтпейтінін, нағыз романтикаға толы екенін көрсеттік дейді олар.

Бауыржан Қартан, Атырау теміржол бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы:

-Шыны керек, фильм ретінде түсірген жоқпыз, таңертеңнен  кешке дейін жүрдік. Сол кезде біздер түсіндік, актерлардың, режиссерлардың қызметінің қаншалықты дәрежеде қиын болатындығын сонда ғана түсіндік.