Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
—Ерғалиеваның хаты бойынша, бізге Бас прокуратурадан жауап келді. Хатта сот процесі әлі де жалғасып жатқаны айтылған. Жалпы, еліміз құқықтық мемлекет болған соң сот жүйесін құрметтеуге міндеттіміз. Және бірде-бір құзырлы орын сот ісіне араласа алмайтынын да айтқым келеді.
20 қарашада Алматының Медеу аудандық соты қалалық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басылымды толық жабу туралы талап арызын қанағаттандырған болатын. Сөтіп "ADAM bol" оппозициялық журналының шығарылуына тыйым салды. Ал бұл шешіммен келіспеген журналдың бас редакторы Мәжіліс депутаттарынан араша сұра хат жолдаған. Енді дауға нүктені сот қоюы тиіс.