Атышулы рэпэр Say Mo енесінің кесірінен ажырасатынын мәлім етті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы рэпэр Say Mo енесінің кесірінен ажырасатынын мәлім етті

Атышулы рэпэр Say Mo енесінің кесірінен ажырасатынын мәлім етті

2020 жылдың ең атышулы жұбы актер Серік Шәріппен танымал рэп орындаушы Say Mo үйленіп, артынша ажырасты.

  • 6 Қаңтар 2021
  • 250
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Екі ай бұрын қалың көрермен алдында ұсыныс жасап, соңынан некелерін қиған актер Шәріп пен Say Mo-ның тойы болмайтын сияқты.

Өйткені келіншегі Say Mo өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына:

"Мына өтірікші әйел маған тыныштық берер емес. Сіздер дұрыс айтыпсыздар, сіздердікі шындық екен. Менің анама күндіз-түні қоңырау шалып, инстаграмыма қатысты неше түрлі сөздер айтады. Жұрттың сөзімен өмір сүретін адамнан өзімді алшақтатқаным дұрыс болар. Біз Шако екеуіміз бір-бірімізді қатты сүйсекте мен ажырасуға арыз беремін", — деп жаға ұстатарлық жазба жариялады.


Қазір қос ғашық әлеуметтік желідегі бірге түскен суреттерін жойып, бір-бірін оқымайтын болған. 

Say Mo қазір өз ата-анасының үйінде жүр. Ал Шәріп бұл жағдай туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.