Атышулы Жириновский Алматыдағы көшелердің біріне өзінің есімін беруді ұсынды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы Жириновский Алматыдағы көшелердің біріне өзінің есімін беруді ұсынды (ВИДЕО)

Атышулы Жириновский Алматыдағы көшелердің біріне өзінің есімін беруді ұсынды (ВИДЕО)

Ресей мемлекеттік думасының депутаты , атышулы Владимир Жириновский Алматыдағы Масанчи көшесіне өзінің есімін беруді ұсынды. 

  • 23 Қазан 2020
  • 374
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол белгілі журналист Нартай Аралбайұлымен болған сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы. 

"Алматы мен үшін туған қалам болып қалады. Өйткені, мен сонда тудым, мектептегі кезімде ең қызықты сәттерді бастан өткіздім. Мен 1946 жылы 25 сәуірде өмірге келіп, 1964 жылы 3 шілдеде Қазақстаннан кетіп қалдым. Менің үйім әлі күнге дейін бар — Масанчи 79. Бұрын бұл көше Дүнген деп аталды, ал нөмірі басқа болды – 67, 3. Мен бұл көшені менің атыма бергенін қалаймын. Мектепке де менің атымды беруге болады. Өйткені мен Ресейден шыққан ең танымал саясаткермін. Мүмкін, тіпті Қазақстаннан да шыққан деуге болатын шығар", – дейді Жириновский. 


 

Соңғы жаңалықтар