Жарияланды: 780

Атыс-шабыстан дүрліккен Ақтөбе облысынның әкімі ауысты

Соңғы бір ай көлемінде атыс-шабыстан дүрлікккен Ақтөбе облысына жаңа басшы тағайындалды. Бұған дейін қала әкімі қызметін атқарған Архимед Мұхамбетовты актив жиналысында президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусин таныстырды.

Аслан Мусин, ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі:

-Құрметті депутаттар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 87 бабының төртінші тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісу үшін Архимед Мұхамбетовтың кандидатурасын ұсынып отырмын.

Астанадан келген жоғары лауазымды мейманның бұл ұсынысына аптаның соңғы күні шұғыл жиналған мәслихат депуттары бас изеп, бір ауыздан қолдады. Ал облысты жеті жыл бойы басқарған Елеусін Сағындықовтың қызметінен кетуі Шұбарши мен Кеңқияқ ауылдарындағы атыс шабыстан соң орын алып отыр. Осыдан бір апта бұрын бұрын ол елді дүрліктерген оқиғаның халықтың әлеуметтік жағдайымен де, діни ахуалмен де байланысты емес деп ақталған еді. Аслан Мусин де өңірдің бұрынғы басшысының қызметінен кетуін ол оқиғамен байланыстырмады. Президент әкімшлігі жетекшісінің айтуынша, Сағындықов зейнеткерлікке шыққандықтан өзі өтініш білдірген. Сондай-ақ жақында ол жаңа қызметке тағайындалады деп сендірді. Ал 38 жастағы Архимед Мұхамбетов еліміздегі облыс әкімдерінің арасындағы ең жасы болмақ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін