Жарияланды: 920

АУА РАЙЫ: Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады

АУА РАЙЫ: Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады

Бүгін Республиканың көптеген бөліктерінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, көбінесе қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел күшейді.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел  17-22 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады,  күндіз жел соғады, күші 15-20 м/с.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында екпіні 25 м/с болады.

Қызылорда облысында, түнде Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, түнде кей жерлерде көктайғақ болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін