Жарияланды: 260

Ауа райы: Үш облыста ескерту жарияланды

Ауа райы: Үш облыста ескерту жарияланды

Қазақстанның үш облысында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

17 қазанда күндіз Қызылорда облысында жаңбыр күтіледі, кей жерлерде нөсер жауын жаууы мүмкін; 18 қазан да жауын-шашынды болады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Жел батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

18 қазанда күндізгі ауа температурасы 5-10 градус нөлден жоғары, кей жерлерде 15 градусқа дейін жетеді. 18 қазан күні тәулік бойы, 19 қазан күні түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады). 18 қазанда күндіз, 19 қазан күні түнде кей жерлерде нөсер болуы мүмкін. 18 қазан күні оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы 18 қазанда күндіз 5-10 градусқа дейін күрт төмендеп, кей жерлерде 15 градус нөлден жоғары болады.

18 қазанда күндіз, 19 қазан күні түнде Жамбыл облысында  жаңбыр күтіледі, кей жерлерде нөсер жаууы мүмкін. 18 қазан тәулік бойы, 19 қазан түнде кей жерлерде жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ал оңтүстік-батыста желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 10-15 градус нөлден жоғары, кей жерлерде 7 градусқа дейін төмендейді. Дауыл соғу мүмкіндігі - 90-95%.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін