Ауа райының қолайсыздығына байланысты ел аймақтарында жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа райының қолайсыздығына байланысты ел аймақтарында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ел аймақтарында жолдар жабылды

Ақтөбе облысында қар жауып, бұрқасындатудан жолдың нашар көрінуіне байланысты 13 наурыз күні сағат 19.30-дан бастап «Ақтөбе-Ор» тас жолының 75-135 шақырымында барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды. 

  • 14 Наурыз 2014
  • 271
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды. 

Ал Қарағанды облысында жолдағы көктайғаққа байланысты 14 наурыз сағат 01.00-ден бастап «Алматы-Екатеринбург» тас жолының Қарағанды-Балқаш жол учаскесінде көлік қозғалысы барлық көлік түрлері үшін шектелді.

Сонымен қатар, Павлодар облысында жаңбыр жауып, жолдың көктайғақтануына байланысты бүгін сағат 06.20-дан бастап республикалық мәні бар жолдарда барлық бағыт бойынша жолаушылар автокөліктеріне шектеу қойылды.

Сондай-ақ 11 наурыздан бері Алматы облысында боранға және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Үшарал-Достық» тас жолының 83-113 шақырымында жолдар жабық екенін еске саламыз.