Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың 5 облысында жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың 5 облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың 5 облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың 5 облысында жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

  • 9 Қаңтар 2015
  • 262
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысында боран болып, жолдың нашар көрінуіне байланысты «А11 Семей — РФ шекарасы» автожолының учаскесінде (0-49 шақырым) көліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.

Қостанай облысында «А-21 Мамлют — Қостанай» (180-243 шақырымы) тас жолы жабылды. Ақмола облысында қар жауып, боран соғуына байланысты «Астана — Петропавл» (304-341 шақырымы) автожолы, СҚО-да «Мамлют-Қостанай» (0-180 шақырымы), «Челябі-Новосібір» (465-655 шақырымы), «Петропавл-Соколов-Есіл» (11-73 шақырымы) «Жезқазған-Петропавл», (719-954 шақырымы), «Астана-Петропавл» (341-473 шақырымы) тас жолдарында барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды.

Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан «Екатеринбор — Алматы» (1488-1854) тас жолы қоғамдық көліктер үшін жабылды.