«Ақмола облысында қарлы боран мен температураның төмендеуі, сондай-ақ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көктайғақ байқалуда. Осыған байланысты азаматтарға аса қажеттілік болмаса жергілікті елді мекендерге жолға шықпауды ескертеміз», — деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен.
Қазіргі танда аталған РМК-ның Ақмола облыстық филиалының 61 дана арнайы қар тазалау техникалары жұмыс істеуде.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.