Жарияланды: 340

Аудан әкімінің үш жыл іздеуде жүрген ұлы қолға түсті

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов ауданының бұрынғы әкімі Қырым Жекебаевтың ұлы 3 жыл іздеуде жүріп ақыры қолға түсті. Әкесі ауданды басқарып тұрған жылдары ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қарақшылықпен және адам ұрлаумен айналысқан. 

Аудан әкімінің өзі пара алғаны үшін бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын. Енді оның ұлы да темір торға тоғытылды.10 адамнан құралған бұл топ 2007-2010-шы жылдар аралығында Мүсірепов ауданы тұрғындарының зәре құтын қашырып, алтын бұйымдарын, ақшаларын тартып алып отырған. Дегендеріне көнбегендерді жертөлеге қамап, бір-бірімен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлепті. Бұл арсыз әрекеттерін қарақшылар таспаға түсіріп, осы арқылы бопсалаушылықпен де айналысқан. 2 жыл бұрын қылмыскерлердің 8-і жауапқа тартылып, 7 жылдан 17 жылға дейін арқалаған еді. Ал оларға жетекшілік еткен Асан Жекебаев осы уақытқа дейін елдің оңтүстігі мен Астана қаласында бой тасалап жүріпті.

Спартак Қабденов, СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Біраз жыл іздеді полиция қызметкерлері, бірақ нәтиже болған жоқ. Осы жолы Астана қаласына келгендігі туралы ақпарат түсті. Туыстарының үйінде қолына кісен салынды. Қазір тергеу абақтысына қамалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін