Audi компаниясы көлік сатып алу кезінде вируталды көзілдірікті пайдалануды ұсынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Audi компаниясы көлік сатып алу кезінде вируталды көзілдірікті пайдалануды ұсынбақ

Audi компаниясы көлік сатып алу кезінде вируталды көзілдірікті пайдалануды ұсынбақ

Audi компаниясы өз клиенттеріне автокөлік сатып алуда оны таңдау кезінде виртуалды көзілдіріктерді пайдалануды ұсынуды көздеп отыр. Ол сатып алушыларға көлік өндіруші компанияның дилерлік орталықтарында ұсынылады.

  • 19 Қаңтар 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz

Көзілдірікті киген кезде болашақ көлік жүргізушісі автомобильді 3D форматында бағалап, вируталды салонды тамашалай алады.

Мұндай алғашқы көзілдіріктер Бразиялиядағы дилерлік орталықтарға түсе бастамақ. Егер тәжірибе оң нәтижесін берсе, биылғы жылы жоба әлемнің басқа да елдерінде қолға алынатын болады.

Audi өкілдері әзірге автокөліктерді вируталды таңдау кезінде қандай маркалы көзілдіріктердің пайдаланылатындығы туралы ешнәрсе айтпай отыр. Алайда «Gizmag» басылымының ақпаратына сүйенсек, неміс концерні Oculus Rift гарнитурасын қолданатын болады, деп жазады autonews.ru.