Қазақстандағы әуе компаниялары жергілікті туроператорларды чартерлік рейстермен қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасы Серік Мұқтыбаев мәлім етті.
«Қазақстандық әуе компанияларының мәліметіне сүйенсек, олар қазіргі таңда жергілікті тапсырыс берушілердің чартерлік рейстерге деген сұранысын толық қанағаттандыруға дайын. Компаниялар алдағы уақытта чартерлік тасымалдарды толық жүзеге асыру үшін әуе паркін кеңейтуге әзір», — деді С.Мұқтыбаев.
Ол рынокта чартерлік бағдарламаларды жүзеге асыратын жаңа әуе компаниларының пайда болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
«Біз чартерлік рейстерді атқаратын компаниялар саны артады деп болжап отырмыз. Оның қанша болатынын әзірге айта алмаймыз. Кезінде шетелдік компаниялар басымдық танытқаннан кейін қазақстандықтар толық дами алмады. Қазір біз оларға осындай мүмкіндік беріп отырмыз», — деп атап өтті С.Мұқтыбаев.
Азаматтық авиация комитетінің дерегіне сүйенсек, бүгінгі күнге дейін отандық компаниялар Қазақстан мен Түркия арасындағы чартерлік рейстердің 40 пайызын ғана орындап келген. Қалған 60 пайызы түрік тасымалдаушыларының еншісінде. Бір маусымда 500-600 чартерлік рейс жүзеге асырылады.
Бұрын хабарланғандай, шілденің 21-інен бастап шетелдік әуе компанияларының республика аумағында чартерлік рейстер ұйымдастыруына тыйым салатын заң күшіне енген болатын.
Кейін бұл шектеулер 1-қазанға шегерілді.Қазақстандағы әуе компаниялары жергілікті туроператорларды чартерлік рейстермен қамтамасыз етуге дайын. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасы Серік Мұқтыбаев мәлім етті.
«Қазақстандық әуе компанияларының мәліметіне сүйенсек, олар қазіргі таңда жергілікті тапсырыс берушілердің чартерлік рейстерге деген сұранысын толық қанағаттандыруға дайын. Компаниялар алдағы уақытта чартерлік тасымалдарды толық жүзеге асыру үшін әуе паркін кеңейтуге әзір», — деді С.Мұқтыбаев.
Ол рынокта чартерлік бағдарламаларды жүзеге асыратын жаңа әуе компаниларының пайда болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
«Біз чартерлік рейстерді атқаратын компаниялар саны артады деп болжап отырмыз. Оның қанша болатынын әзірге айта алмаймыз. Кезінде шетелдік компаниялар басымдық танытқаннан кейін қазақстандықтар толық дами алмады. Қазір біз оларға осындай мүмкіндік беріп отырмыз», — деп атап өтті С.Мұқтыбаев.
Азаматтық авиация комитетінің дерегіне сүйенсек, бүгінгі күнге дейін отандық компаниялар Қазақстан мен Түркия арасындағы чартерлік рейстердің 40 пайызын ғана орындап келген. Қалған 60 пайызы түрік тасымалдаушыларының еншісінде. Бір маусымда 500-600 чартерлік рейс жүзеге асырылады.
Бұрын хабарланғандай, шілденің 21-інен бастап шетелдік әуе компанияларының республика аумағында чартерлік рейстер ұйымдастыруына тыйым салатын заң күшіне енген болатын.
Кейін бұл шектеулер 1-қазанға шегерілді.