Ауған соғысына қатысушыларға да соғыс ардагері деген мәртебе берілгені жөн - М. Қалматаев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауған соғысына қатысушыларға да соғыс ардагері деген мәртебе берілгені жөн - М. Қалматаев

Ауған соғысына қатысушыларға да соғыс ардагері деген мәртебе берілгені жөн - М. Қалматаев

Ауған соғысына қатысушыларға да соғыс ардагері деген мәртебе берілгені жөн.

  • 10 Ақпан 2015
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 26 жыл толуына орай өткен баспасөз мәслихатында ауған соғысының ардагері, милиция генерал-майоры Мұрат Қалматаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда «ауғандықтар» соғыс ардагерлері емес, тек Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілгендер ретінде қабылданған.

«Тарих сызып тастайтын қағаз емес қой. Ол — мемлекеттің өмірбаяны. Ауған соғысына қатысушылар да соғыста болды. Мемлекеттік шекараны қорғап, шайқаспағанымен ауған жерінде соғысты. Ең бастысы мемлекеттің бұйрығын орындады. Сондықтан, «ауғандықтарға» да толыққанды соғыс ардагері деген мәртебе берілгені жөн. Олар да тиісті мемлекеттік жеңілдіктер алуға лайықты» — деді өз сөзінде М. Қалматаев.

Сонымен қатар, қазір Қазақстанда Ауған соғысының ардагерлері «Соғысқа қатысушылар туралы» жаңа заңның қабылданғанын қалайды.


Айта кетелік, ауған соғысына Қазақстаннан интернационалдық борышын өтеуге 22 296 азамат аттанған. Олардың 924-і ауған жерінде қаза тапты. 21 жауынгер хабар-ошарсыз кеткен.

Бүгінде ауған соғысына қатысушыларға қарастарылған мемлекеттік жәрдемақы құны 11 мың теңге.