Ауғанстан астанасы Кабулдағы болған жарылысты Ирак пен Левант лаңкестік тобы мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстан астанасы Кабулдағы болған жарылысты Ирак пен Левант лаңкестік тобы мойындады

Ауғанстан астанасы Кабулдағы болған жарылысты Ирак пен Левант лаңкестік тобы мойындады

Ауғанстан астанасы Кабулдағы НАТО әскерінің көлік керуеніне жасалған қастандықты Ирак пен Левант лаңкестік тобы мойындады.

  • 3 Мамыр 2017
  • 261
Фото - Caravan.kz


Елдің Ішкі істер министрлігі жарылыстан 8 адамның мерт болғанын растады. 25 адам жараланған. Өздеріне шабуыл жасалғанын НАТО әскерилері де хабарлады. Олардың мәліметтеріне қарағанда қастандықтан альянстың 3 жауынгері жарақат алған. Алдын ала болжам бойынша шабуылды жанкешті іске асырған. Іле шала оқиға орнына төтенше жағдай қызметі мен арнайы мамандар жетіп, жарылыс болған аумақты қоршауға алды. Айта кетейік, 2015 жылдың бірінші қаңтарынан бері ресми Кабул мен НАТО арасындағы келісім бойынша Ауғанстанда 12 мыңға жуық альянс жауынгері бар. Олардың мақсаты жергілікті сарбаздарға әскери әдістерді үйретіп, оқу-жаттығулар өткізу болып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар