«Біз Ауғанстанның Пәкістанмен солтүстік шекарасын ғана емес, оңтүстік шекараларын қорғау жөніндегі бірлескен жоба әзірлеуді ұсынамыз», — деп ол бүгін Астанада өткен «Орта Азиядағы тұрақтылық және қауіпсіздік: Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастық» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» барысында атап көрсетті.
М.Салджуки Ауғанстан аумағындағы террорлық әрекеттерді өз азаматтары ғана емес, Пәкістан азаматтары, Кавказдан шыққандар, арабтар және басқа ұлт өкілдері де жасайтынын атап көрсетті.
Өкінішке орай, эктремизм мен терроризмді жақтаушылар саны артуда, көбінесе оның негізгі ішкі көзі Ауғанстанның солтүстігінде орналасқан діни мектептер болып табылады.
М.Салджукидің айтуынша, Ауғанстаннан Коалициялық күштерді шығару көзделіп отырған 2014 жылдан кейін ауған қоғамы мен Орта Азия елдері ортақ жаумен бетпе бет кезігеді.