Жарияланды: 320

Ауғанстан мен Пәкістанда қаза тапқандардың саны 300-ге жуықтады

Ауғанстан мен Пәкістанда қаза тапқандардың саны 300-ге жуықтады

Азиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 260-тан асты. Мыңнан астам адам жапа шекті. Негізгі ауыртпалық Пәкістан мен Ауғаныстанға түсті, деп хабарлады rusnovosti.ru.

Қуатты жер дүмпуі Үндістан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан және Әзербайжанда байқалды.

Associated Press хабарлағандай, геологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,5 құрады.

Жедел қызметтер қаза тапқандар мен жапа шеккендердің саны  өсетіндігін хабарлады. Өйткені алыс елді мекендерден апат салдары туралы хабар әзірге түсе қойған жоқ.

Пәкістан Үндістанның ұсынған көмегінен бас тартты. Ел билігі 180 млн адам тұратын мемлекетте өз ресурстары  жеткілікті екенін мәлімдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін