Ауғанстанда болған жарылыстан 10 адам көз жұмды
Ауғанстан астанасында кезекті кезекті лаңкестік әрекет жасалып, соның салдарынан 10 адам қаза тауып, 200-дей адам ауыр жараланды. |
Түнде болған жарылыстан бірнеше нысанға қатты зақым келген. Ал болжам бойынша, қаскөйлер Ауғанстанның қорғаныс министрлігінің ғимаратын көздеген болуы мүмкін. Қазір осы мемлекеттік мекеменің тек орны ғана қалыпты. Жан-жағындағы көліктер де түгелдей өртеніп кеткен. Ал қаза тапқандар саны әлі де көбеюі мүмкін дейді құзырлы орган өкілдері. Себебі, мұндағы үйінділердің астында қалғандар да бар. Қазір ауруханаларға мединицалық көмек сұрап келушілер көп. Лаңкестік әрекетті кімдердің ұйымдастырғаны әзірге белгісіз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін