Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық елімізде жерленді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық елімізде жерленді

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандық елімізде жерленді

Ауғанстанда қайтыс болған Ерлан Жампейісов Қазақстанда жерленді.

  • 30 Қаңтар 2018
  • 157
Фото - Caravan.kz

Оның мәйітін Сыртқы істер министрлігі алып келді, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі.

«Сенбі күні жерледік. Министрлікке көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамыз», — деді қаза тапқан жігіттің әкесі.

Еске сала кетейік, 20 қаңтар күні қаруланған топ Ауғанстан астанасы Кабулдағы Intercontinental Hotel қонақ үйіне шабуыл жасады. Салдарынан Астананың 40 жастағы тұрғыны көз жұмды.

Белта басылымының жазуынша, қаруланған содырлар негізгі есіктен кіріп, ішке енген. Бұл уақытта ғимаратта үйлену тойы немесе өзге дереккөздерге сәйкес, конференция өтіп жатқан. Олар іс-шараға қатысушыларға қарсы оқ ашқан. Содырлардың арасында жанкешті-лаңкестер де болған. Оқиғаға куә болғандар үш жарылыс жасалғаны туралы хабарлады. Қаза болған және зардап шеккен 35 адам туралы айтылуда. Бұл ретте, полицейлер қонақүйден адамдардың басым денін қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Сонымен қатар, жарылыстың видеосын бөліскен танымал саясаткер Ерлан Қарин бұл қонақ үйге Орталық Азия мен ТМД елдерінің азаматтары көптеп тоқтайтынын атап өткен болатын.


Сондай-ақ, ҚР СІМ қаза тапқан азаматтың отбасына барлық көмек көрсетілетінін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар